Жақын арада мамандардың болжамы бойынша сауатты экономист-бухгалтерлерге сұраныс артады. Бұл мамандық ең заманауи және практикалық. Бүгінгі таңда стандартты емес жағдайларға және нарықтық қатынастардың жаңа жағдайларына тез бейімделе алатын экономист – бухгалтерлер қажет.
Білім беру бағдарламасының мақсаттары
Білім беру бағдарламасының мақсаты-кәсіби қызметтің таңдаулы саласында көшбасшы болуға және еңбек нарығында сұранысқа ие болуға қабілетті, есеп және аудит саласында жоғары білімді бәсекеге қабілетті, құзыретті кәсіби кадрларды даярлау.
Жұмыс саласы
бас бухгалтер;
қаржы директоры;
экономист-бухгалтер;
есепші;
кассир.
Оқу мерзімі
2 жыл 10 ай-9 сынып негізінде
1 жыл 10 ай - 11 сынып негізінде
10 ай - ТжКБ базасында
Түсуге арналған құжаттар
негізгі мектепті бітіргені туралы қосымшасы бар аттестат (куәлік) (түпнұсқа);
№ 075-У нысаны бойынша Медициналық анықтама (I және II топтағы мүгедектер мен балалық шақтағы мүгедектер үшін - медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындысы);
егу картасы (күндізгі бөлімге түсушілер үшін);
жеке басын куәландыратын құжат(жеке басын сәйкестендіру үшін)
4 сурет 3x4;
Маманның кәсіби қызметінің объектілері
"Есеп және аудит" мамандығының түлектері бухгалтерлер, қаржылық кеңесшілер, аудиторлардың көмекшілері, кассирлер, менеджерлер, қаржы инспекторлары және т.б. жұмыс істей алады. Біз мамандарды даярлаудың практикалық бағытын күшейтуге басымдық береміз.In the near future, according to experts, the demand for competent economists – accountants will grow. This specialty is the most modern and practical. Today we need economists – accountants who can quickly adapt to non-standard situations and new market conditions.