"КӨКШЕТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" МЕКЕМЕСІ​
УЧРЕЖДЕНИЕ "КОКШЕТАУСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ"

Колледж туралы

Ақмола облысының "Көкшетау гуманитарлық - техникалық колледжі" мекемесі (бұдан әрі - колледж) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына, Ақмола облысы білім басқармасының бұйрықтарына, сондай-ақ колледж Жарғысына(Колледж Жарғысы құрылтайшы В.Ю.Пакпен бекітілген және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ақмола облысының Әділет департаментінде 08.11.2008 Ж. тіркелген), колледждің 2018-2023 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына, Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Көкшетау гуманитарлық - техникалық колледжінің іс-шаралар жоспарына және басқа да ішкі өкімдік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Колледждің меншік нысаны-жеке, ұйымдық - құқықтық нысаны-мекеме. Ақмола облысының Әділет департаментінде "Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжі" мекемесі қайта тіркеуден өтті, 2008 жылғы 11 наурыздағы № 4788-1902 – Е тіркеу куәлігі берілді.

Білім беру қызметі 18.03.2013 ж., 30.04.2013 ж., 05.06.2017 ж., 01.07.2017 ж. берілген мемлекеттік лицензияға қосымшаларды және әрекет ету мерзімін шектемей 12.03.2019 Ж. берілген №  KZ58LAA00014580 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Колледж қызметінің негізгі түрі кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде мамандарды даярлау болып табылады, ол білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады (№  KZ58LAA00014580, 12.03.2019 Ж.берілген, қолданылу мерзімі шектелмеген және 18.03.2013 ж., 30.04.2013 ж., 05.06.2017 ж., 01.07.2017 ж. берілген мемлекеттік лицензияға қосымшалардың негізінде жүзеге асырылады).

20 жыл ішінде колледж Ақмола облысының оқу орындары арасында жоғары орындарға ие болды. Осы жылдар ішінде 5288 маман бітіріп шықты.

Колледж оқушылары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген іс-шараларда, конкурстарда, турнирлер мен чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болды:

- "WorldSkills" облыстық кәсіби шеберлік байқауында»;

- облыстық ғылыми - зерттеу жұмыстары байқауында;

- ТжКБ студенттері арасында республикалық жобалар мен олимпиадаларда және т.б. конкурстарда.

Колледждің педагогикалық ұжымы оқу орнының инновациялық қызметі мен мамандарды даярлау жүйесін құру бойынша үлкен және жемісті жұмыс атқарды. Бұл жұмыстың қорытындысын колледждің ХХІ ғасырдағы әрі қарай дамуы үшін сенімді іргетас ретінде қарастыруға болады.

Лицензияға сәйкес колледж ұсынатын білім беру бағдарламаларының тізбесі:

 

1. 0512000 «Аударма ісі (түрлері бойынша)», 051202 3 «Гид-аудармашы»;

2. 0514000 «Бағалау (қолдану саласы бойынша)», 051401 3 «Техник-бағалаушы»;

3. 0515000 «Менеджмент (қолдану саласы бойынша)»,  051501 3 «Менеджер»;

4. 0516000 «Қаржы (салалар бойынша)», 051605 3 «Қаржы жұмысы бойынша экономист»;

5. 0518000 «Есеп және аудит (салалар )», 051803 3 «Экономист-бухгалтер»;

6. 1226000 «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру», 122604 3 «Техник-технолог»;

7. 1304000 «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», 130404 3 «Техник-бағдарламашы»;

8.1305000 «Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)», 130502 3 «Техник-бағдарламашы»;

9.1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», 140121 3 «Техник-құрылысшы»;

10.0201000 «Құқықтану», 020102 3 «кеңесші-заңгер»;

11.0507000 «Қонақүй шаруашылығында қызмет көрсету », 050705 3 «Әкімші»; 050706 3 «Қызмет көрсету менеджері»

12.0511000 «Туризм (салалар бойынша)»,051104 3 «Менеджер»;

13.1509000 «Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша)», 150905 3» Техник-технолог»;

14.0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 010101 3 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»;

15.0105000 «Бастауыш білім беру», 010501 3   «Бастауыш білім беру мұғалімі

Жаңартылған күні: 01.01.1970 06:00
Құрылған күні: 18.04.2023 19:36

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі
Текст