🔷 Көкшетау гуманитарлы-техникалық колледжінде қазақтың көрнекті ағартушысы-педагог, жазушы, этнограф, ғалым-фольклоршы, ұлт мұғалімі Ыбырай Алтынсариннің өміріне арналған бірыңғай "Адалдық сағаты" өткізілді.
✍️ Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ балаларын оқытуға арнап, қазақ даласы тарихындағы білім берудің негізін қалаушы-әкесі болды. Алғашқы халық мектебін ашып, халықты балаларын мектепке беруге шақырып, қазақ тілінде оқулық жазды. Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады. Ғалымның бай энциклопедиялық мұрасының жылдан жылға өсіп келе жатқан құндылығы халқымыздың мақтанышы болып табылады. Ыбырай Алтынсарин – жаңа поэзияның негізін қалаушы, білім беру көшбасшысы және қазақ халқының алғашқы оқытушысы екені сөзсіз.