Текст
19-24 қараша аралығында біздің колледжде техникалық мамандықтар апталығы өтті. "Ақпараттық жүйелер" мамандығының 1 курс студенттері Робототехника көрмесін ұйымдастырды. "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының 2, 3 курс студенттері арасында "Алгоритмдеу және бағдарламалау"пәні бойынша олимпиада өтті. "Тамақ өнімдерінің технологиясы және өндірісін ұйымдастыру" мамандығының студенттері Ланчева Светлана Вениаминовнамен бірге "үстелді Сервировка"тақырыбында ашық сабақ өткізді.