Текст
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" ұйымында Ақмола облысының жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында "Өз ойым" зияткерлік байқауы өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты-жастардың тілдерге деген қызығушылығын арттыру, қоғамдық ойларды еркін білдіру дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін ашу. Бұл байқауға біздің колледждің 1 курс студенттерінен құралған команда қатысып, 2 орын алды. Жеңісіңізбен құттықтаймыз! Жетекшісі: Әшімова Қымбат Төлебайқызы