Текст
Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінде 1 және 2 курс ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың күн тәртібінде жасөспірімдер арасында есірткі заттарының таралуының алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мәселелері болды. Аталған мәселелер бойынша ата-аналар алдында Көкшетау қаласының полиция майоры Қошкенова Айжан Омарбаева және Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, Көкшетау қаласының полиция подполковнигі Курсанова Разия Талғатқызы сөз сөйледі.
Сондай-ақ, колледжде психологиялық қызметті ұйымдастыру және оның қызметі және жалпы 2022-2023 оқу жылына арналған оқу процесін ұйымдастыру мәселелері қаралды.