Текст
2023 жылғы 12 мамырда Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жоспарын орындау мақсатында, 21-35 жас аралығындағы мемлекеттік, орыс және ағылшын тіллерін еркін меңгерген жастар арасында "Тіл шебері" облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты -үш тілді еркін меңгерген жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету, тіл мәдениетін көтеру және үштілділікті насихаттау болып табылады.
Осыған орай, байқауға арнайы пәндер оқытушысы Абильмаженов Ерлан Берлибеков қатысып, Алғыс хатпен марапатталды