"КӨКШЕТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" МЕКЕМЕСІ​
УЧРЕЖДЕНИЕ "КОКШЕТАУСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ"

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді

21.02.2018

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді

- ҚР президенті Н.Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті, - деп хабарлайды Ақорда сайты. Елбасы "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ жариялады.

 

1. "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

Осы уақытқа

дейін әліпбидің бірнеше нұсқасы ұсынылған болатын, маған латын әліпбиінің осы

нұсқасы ұнады. Осыған қолдау көрсетуіміз қажет деп ойлаймын.

Латын

әліпбиіне көшу - өмір талабы. Латын әліпбиіне көшу өркениетке аяқ басуымызға

септігін тигізеді. Бұл тіл -жаңа технология, ғалам тілі. Осы әліпби  әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың,

өзіміздің де  ағылшын тілі мен интернет

тілін жетік игеруіне ықпалын тигізеді. Компьютерді,

техниканы меңгеру үшін  қажет құрал.

Рухани жаңғыру, латын әліпбиіне көшу – табысты ел болуымыздың кепілі. Өзге

елдердегі қандастарымызбен түсінісу үшін, дамыған елдердің қатарына кіру үшін

біз міндетті түрде латын әліпбиіне көшуге тиістіміз.



   Колледж ұжымы

Просмотров: 330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі
Текст